Құрметті, ұстаздар!
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №40 гимназиясы» отдела образования Кербулакского района мұғалімдік лауазымына төмендегідей бос вакансиялық орындарға конкурс жариялайды:
Информатика пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқыту) – 1 (16 сағат)
Химия пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқыту) – 1 (16 сағат)
Мекен-жайы: Тараз қаласы, "Талас" (6) шағын ауданы, тел.: 8 (7262) 54 15 25, 8 (7262) 54 15 35, e-mail: gimnazia40@mail.ru
Құжаттар 15 тамыз бен 22 тамыз аралығында қабылданады.
Бірінші турдан өткен кандидаттар бойынша комиссия отырысы 2022 жылдың 23 тамызы мен 27 тамызы аралығында өтеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген мұғалім хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде комиссия қарауына ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес). Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495 болып тіркелді. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы);
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - СҒТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495 болып тіркелді. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы)
Бос лауазымға орналасуға үміткер болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы No 57 бұйрығының 109-тармағының 3-тарауының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 30 наурызда тіркелді. №7495 Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы құжаттардың бірінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Құрметпен, «Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №40 гимназиясы» КММ әкімшілігі.