Бос орындар 21.08.2023 жыл. » Гимназия №40
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№40 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-15-25
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-15-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орындар 21.08.2023 жыл.
21
август
2023

Бос орындар 21.08.2023 жыл.

Құрметті ұстаздар!

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің №40 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Мекен жайы: Тараз қаласы, «Талас» шағын ауданы (6), тел.: 8 (7262) 54 15 25 , 8 (7262) 54 15 35, e -mail: gimnazia40@mail.ru) мемлекеттік білім беру ұйымының мұғалімі лауазымына келесі бос орындарға конкурс жариялайды:

  • Математика пәнінің мұғалімі (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы орнына) – 1 (16 сағат)
  • Орыс тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі (тұрақты жұмыс орны) - 1 (16 сағат)
  • Орыс тілінде оқытатын информатика мұғалімі (тұрақты жұмыс орны) – 1 (16 сағат)
  • Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (жоғары буын) – педагогикалық өтілі – кемінде үш жыл, санаты «оқытушы – сарапшыдан» төмен емес – 0,75 ставка.


1 тур: Құжаттар 21 тамыздан 25 тамызға дейін қабылданады

2-тур: Бірінші турдан өткен үміткерлермен сұхбаттасу 28 тамыз бен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде комиссияның қарауына келесі құжаттарды ұсынады:

       1) құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 30 наурыздағы 7495. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларын бекіту туралы);

       2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

       3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);

       4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

       5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) «Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

       7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

       8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

       9) міндетті түрде Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының сертификаты;

       10) 11-қосымшаға (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткерді Бағалау парағы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда N 7495 тіркелді Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы

Бос лауазымға үміткер бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми/ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, басшылықтың ұсынымдары) бұрынғы жұмыс орны ұсынады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 109-тармағының 3-тарауы, 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 30 наурызда тіркелді. №7495 Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жетекшілері мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» Заңы.

Құжаттардың бірінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив